Шетелдік депутаттар мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері Қазақстандағы азаптау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмысының механизімімен танысты.
Алматы қаласы ІІД-де Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Е.А.Кененбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю. Василенко, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро Тергеу департаментінің басшысы С.Н.Перов Қазақстандағы азаптау мен зорлық-зомбылық әрекеттерге қарсы күрестің жұмыс механизмін жетілдіру мен жалпы азаматтардың құқықтарының қорғалуын нығайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында шетелдік делегация депутаттарымен және мемлекеттік емес ұйым мүшелері үшін БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Кездесуге шетелдік делегаттар, оның ішінде Испания, Румыния, Польша мемлекеттерінің парламент мүшелері, Италия мен Чехияның мемлекеттік емес ұйым мүшелері және Қазақстан Республикасы Сенат депутаттары қатысып, Қазақстандағы пенитенциарлық жүйе жұмысымен кеңінен танысты. Қазақстан Республикасы 1998 жылы БҰҰ-ның конвенциясына қосылған күннен бастап азаптау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша тиімді ұлттық жүйе қалыптастырды.
Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасының ашық әрі демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі баса айтылды. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдарда азаптау мен зорлық-зомбылыққа қатысты фактілер мен оған кінәлі тұлғалар әшкереленіп отырады. Кез-келген арыз-шағым жіті тергеліп, жәбірленушінің құқықтарымен бас бостандықтарының сақталуы мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
«ҚР-ның Конституциясы мен қолданыстағы заң нормаларында кез-келген тұлғаға қатысты азаптау әрекеттері немесе зорлық-зомбылық көрсету, сонымен қатар, азаматтарға қатысты өзге де қатал жазаларды қолдануға, олардың ар-намысын қорлауға толық тыйым салынған. Қазақстан Республикасында қолданылып отырған барлық шаралар мемлекеттік органдар мен қоғамда, азаматтарға қатысты азаптаумен зорлық-зомбылық әрекеттерге «мүлдем төзбеушілік» қағидасына бағытталған. Аталған принціп соңғы жылдары жүргізілген реформалардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елбасының тікелей тапсырмасымен қылмыстық заңнамаларға түбегейлі реформалар енгізіліп, халықаралық құқықтық нормалар мен гуманизацияға бағытталған Қылмыстық-процессуалды және Қылмыстық-атқару кодекстері қайта қабылданды»,-деп атап көрсетті өз баяндамасында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов.
Сондай-ақ министрлік басшысы өз баяндамасында ҚР-ның жаңа қабылданған заңнамаларында азаматтардың құқықтарымен бас бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында процессуалды прокурор және тергеу соттары сияқты жаңашылдықтар енгізілгенін алға тартып, заң шеңберінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардан бөлек тұлғаларға қатысты «қамауға алу» шарасы бойынша шектеулер қойылғандығын жеткізді. Бұл ретте қорғаушылардың ролі артып, күдіктілерді уақытша ұстау уақыты 48 сағатқа дейін қысқартылған.
Кездесу барысында арыз-шағым түсірудің біркелкі жүйесінің тиімділігі мен жазасын өтеуші азаматтар үшін кез-келген уақытта қандайда бір арыз-шағым түсіре алулары үшін ІІМ-нің бірыңғай 1402 сенім телефондары және шағымдар үшін орнатылған арнайы жәшіктер шетелдіктердің назарын аударды.
ҚР-да заң жаңашылдықтарынан бөлек тәжиірбелік шараларда қабылданған. Дәлірек айтқанда, құқық қорғау органдары ғимараттарында кезең-кезеңімен бейне бақылау камераларымен жабдықталған ашық тергеу кабинеттері енгізілуде. Бүгінгі таңда мұндай 700 кабинет жұмыс істеуде.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша төмендегі шағымдар саны азайды:
-полицияның заңсыз әрекеті мен шешімі- 4/1-ге
-заңсыз тергеу амалдары - жартылай
-азаматтарды заңсыз ұстап, ІІО-на жеткізу - 2 есеге азайған.
«Азаптауға немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғалар қосымша тегін заңдық кеңестер алуға, медициналық және әлеуметтік немесе психологиялық көмектер алуға құқылы. Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң жазалау шаралары қолданылған немесе азаптау мен зорлық-зомбылық құрбандарына айналған азаматтарға көмек қолын созатын күйзеліс орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі күні азаптаумен зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаларға мемлекет тарапынан өтемақы төленіп, болашақ өмірінің дұрыс бағытта жалғасуына жағдай жасалынуда. Бұл бағыттағы жаң жобасы ағымдағы жылдың қаңтар айында қабылданған болатын. Ескере кетсек, кез-келген азаматқа қатысты азаптау мен зорлық-зомбылық әрекеттер жасау ауыр қылмыстар санатына жатады. Заң бойынша мұндай қылмыс жасағандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылса, олар ешқандай рақымшылық шараларына ілінбейді, әрі өз жазаларын толық өтейді»,-деп түйіндеді өз сөзін шетелдік делегаттар қатысқан кезедесуде Рашид Жақыпов.
Кездесу соңында делегаттар бірқатар қылмыстық істермен танысып, Алматыдағы №1 Тергеу изоляторына да бас сұқты.
Оставить комментарий