Алматыда өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасы талқыланды

/uploads/thumbnail/20180423104547050_small.jpg

Алматы қаласының ӨКҚ – де өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасы талқыланды.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасына қатысқан жағдайда пәтерлердің меншік иелері жүргізілген жөндеу жұмыстарына пайызсыз мен үстеме ақыларсыз, сондай-ақ жалпы қарыздың бүкіл мерзімі ішінде өтеуде мөлшерін ұлғайтусыз бөліп төлейтін болады, - деп айтты.

Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша күрделі жөндеу шатырдың, қасбеттік қабырғалардың ескіруіне  инженерлік желілер мен жалпы пайдалану,  нормативтік мерзімін өтеген лифтілер жаңа және қауіпсізіне ауыстыру мәселелерін шешуге ұзақ уақытқа мүмкіндік береді, демек, тұрғын үй жағдайларын жақсартады.

Сонымен қатар, заманауи материалдарды қолданумен шатырды жөндеу жоғарғы қабаттардағы пәтерлерде жылу шығындарын төмендетуге, су басу қаупін жоюға қол жеткізеді, нәтижесінде тұрғындар жылы, құрғақ және сенімді шатырды алады.

Осыған ұқсас, қасбетті және кіреберістерді жөндеу бірінші кезекте, тұрғын үйдің сыртқы түрін жақсартады, қабырғаларды қаптау  арқасында және кіреберістерге жаңа терезелер орнату жылу жоғалтуды төмендетеді.

Жөндеу жүргізу сондай-ақ тұрғын үй қорының эстетикалық жай-күйіне, үйлердің қасбеттерін  атап айтқанда, магистральдық көшелерді бірыңғай сәулеттік стильге келтіруге оң әсер етеді. Сондай-ақ, мердігерлік ұйымдар  орындаған жұмыстарына  5 жыл мерзімге кепілдік ұсынады, сапасын және  бекітілген сметадан ауытқуға жол бермеуді  бақылау үшін  техникалық және авторлық қадағалау  тартылады.

Әрине, жаңғырту және оң сәттері  туралы ұзақ уақыт айтуға болады,  меніңше мәселелерге өту  дұрыс деп ойлаймын. Туындаған басқа да мәселелерге жауаптардың барысында дәріптейтін боламын деп үміттенемін, - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы Әнуар Өскенбаев.

Связанные Статьи