Қазгидрометтің мәліметінше Алматыда атмосфералық ауаның ластануы төмендеген

/uploads/thumbnail/20180423105310850_small.jpg

Қазгидрометтің мәліметі бойынша Алматыда атмосфералық ауаның ластануы төмендеген.

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Аққозиев Орман Сейілханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы - Дүйсеков Бейбіт Бақуадинұлы, Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Қамбетов Талғат Мұсаұлы қатысты.

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы О.Аққозиевтің айтуынша, Алматы қаласы - республикалық маңызы бар Қазақстандағы ең ірі мегаполистердің бірі. Атмосфералық ауаның ластануы қаладағы ең маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Қаланың табиғи және климаттық ерекшеліктері, аумақтың табиғи тазарудың төмен деңгейі атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етіп, түтіннің пайда болуына әкеліп соғады.

Жылу электр станцияларынан, өнеркәсіптік кәсіпорындардан, автокөлік құралдарынан және жылу үшін қатты отын пайдаланатын жеке сектордан шығатын шығарындылар атмосфералық ауаның ластаушы заттарының негізгі көздері болып табылады.

Қалада қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін Департаментпен қоршаған ортаны қорғаудың барлық салаларында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде, соңғы жылдары атмосфералық ауаға техногендік жүктеменің төмендеуі байқалуда. Қазгидрометтің мәліметтері бойынша атмосфералық ауаның ластануының индексі (АЛИ) 5-ке дейін төмендеген (2009 жылы – 12.8, 2011 жылы – 9.1, 2016 жылы - 7, 2017 жылы - 5).

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша стационарлық көздерден жалпы шығарындылар көлемі 2014 жылы - 43,5 мың. тоннаны, 2015 жылы - 39,1 мың. тоннаны, 2016 жылы - 38,8 мың. тоннаны құрады. Осылайша, жыл сайын атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемінің төмендеуі байқалуда,-деп атап өтті департамент басшысы.

Связанные Статьи