Алматыда табиғат пайдаланушыларға 79,859 млн тг әкімшілік айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20180423111224126_small.jpg

Департаментпен 138 жоспардан тыс тексерулер өтіп, нәтижесінде табиғат пайдаланушыларға 79,859 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында  Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Сейілханұлы айтты.

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің негізгі функцияларының бірі болып жеке және заңды тұлғалардың қызметінде атмосфералық ауа, су және топырақ қорғау саласында ҚР экологиялық заңнамасының сақтауға, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, жою және залалсыздандыру ережелері мен нормаларының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Мәселен, 2016-2017 жылдары Департаментпен 114 ішінара және 138 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерулердің нәтижесі бойынша табиғат пайдаланушыларға 79,859 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар салынды және экономикалық залал өтеу үшін 249,540 млн. теңге наразылық талаптары ұсынылды,-деп атап өтті О.Ақкөзиев.

Департаментпен инспекциялық тексеру барысында кәсіпорындар тарапынан қоршаған ортаға эмиссиялардың 13 нормадан тыс фактілері анықталды, сондай-ақ 45 кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз жұмыс істеп, тексерістердің қорытындысы бойынша зиян келтірген кәсіпорындарға әкімшілік айыппұлдар салынды.

2016-2017 жылдары бақылау-инспекциялық қызметімен шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік-техникалық қажеттілікте жер асты суларын өндіретін және пайдалаланатын кәсіпорындар қамтылған. Тексерістің нәтижелері бойынша, теңгерімінде жер асты суларын өндіруші ұңғымасы бар 12 кәсіпорынның тек 3-уі ғана «Sinooil» ЖШС, «Асфальтобетон-1»ЖШС, «Темирбетон-1» ЖШС қолдану мерзімі 2014-2018 жылдарға арналған арнайы су пайдалануға рұқсаттары бар болып шықты, ал қалған 9 кәсіпорын: «МАК Алматыгорстрой» АҚ, «Держава» ЖШС Корпорациясы, ТОО «Масло-дел» ЖШС филиалы, «Салават-БС» ЖШС, «Казферросталь» ЖШС, «УПТК» АҚ, «МВТ» ЖШС, «АТКЭ» ЖШС, «АВЗ» АҚ 2014 жылдан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясынан арнайы су пайдалануға рұқсатын алған жоқ және рұқсатты ұзартқан жоқ.

Связанные Статьи