«Алматы жастары» жобасы аясында 100 жас отбасы жаңа қоныс иесі атанды

/uploads/thumbnail/20180423112328888_small.jpg

«Алматы жастары» жобасы аясында 100 жас отбасы жаңа қоныс иесі атанды.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Бескемпіров Шыңғыс Жұмағалиұлы мәлімдеді.

Оның сөзінше, студенттік жатақхана мен жас отбасыларға қолжетімді баспана ұсынудағы мәселелерді шешу жолында, Жол картасы құжаты аясында, Алматы қаласының студенттеріне, 2020 жылға дейін 20 жаңа жатақхана салу жоспарланды. ЖОО-дарына арналған 20 жаңа жатақхананың, 5-еуі (2 500 орын) ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтайтын болады.

Жол картасы барысында, «Алматы жастары» жеңілдетілген баспанамен қамту жобасы бойынша «Жилстройсбербанк» арқылы несиемен баспана алудың алғашқы қадамдары жасалды. Жергілікті бюджеттен арнайы жоба үшін бір миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді.

«Алматы жастары» жобасының тағы бір артықшылығы қатысушылардың жас мөлшерін 35 жасқа дейін ұлғайтылғандығында. Халықтың әлеуметтік осал бөлігіне – көпбалалы отбасы, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, толық емес отбасы және жетімдерге біраз жеңілдік шаралары қарастырылған. Төмен пайыздық мөлшерлеме – 10 млн. теңгеге дейінгі несиелер, жылына 5% өсіммен берілетін болады. Жыл аяғында «Алматы жастары» жобасы бойынша 100 жас отбасы жаңа қоныс иесі атанады,-деп айтып өтті ол өз сөзінде.  

Сонымен қатар, АҚ «НК «СПК «Алматы» арқылы жастарға (студенттер, 35 жасқа дейінгі жас отбасылар ж.т.б) арналып жатақханалар салу жобасы қарастырылуда. Қазіргі таңда Алматы энергетикалық және байланыс университетімен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен, Алматы Менеджмент университетімен және де

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен меморандумға қол қойылды,-деп баяндады басқарма басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы.

Связанные Статьи