Өткен жылы Алматы қаласында шығармашыл жастар үшін Делфий ойындары ұйымдастырылды.
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы айтты.
Оның айтуынша, жастарды өнерге және үлкен азаматтық мәдениетке баулу үшін қаламызда бірінші рет Шығармашыл жастар үшін Делфий ойындары ұйымдастырылды.
2017 жылдың мамыр айының 20-шы жұлдызында «Алатау» дәстурлі өнер театрында қалалық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті. Студенттер арасындағы әртүрлі өнер сайыстары (конкурстар мен фестивальдар) және де көрмелер мен презентациялар секілді бөлімдерден тұрды. Жастар Конгрессі және де студенттер Альянсы ұйымдастырған сайыста барлығы 300-ден астам жас өнер иелері бақтарын сынады,-деп атап өтті ол.
Өнер ойындары екі жастық категория бойынша жүргізілді: 10-15 жас аралығында кіші топ, 16-21 жас аралығында – үлкен топ. Сайысқа қатысушылар 17 номинация бойынша бәйгеге түсті. Атап айтсақ: аспапта орындаушылық, эстрада және академиялық ән айту, театр, фотография, сурет өнері, тележурналистика және тағы да басқа.
Өнер сайысы өткізудегі басты мақсат – жас таланттарды табу мен көмек беру, сондай-ақ, шығармашылық өсуі мен ашылуына жағдай жасау болып табылады.
Жеңімпаздар мен жүлделі орындарға ие болған сайысқа қатысушыларды арнайы дипломдармен және де сыйлықтармен мараппаттады. Сонымен қатар, жеңімпаздар Республикалық дәрежедегі XIII Ұлттық жастар Дельфий ойындарына қатысуға жолдама алды,-деп айтып өтті Шыңғыс Жұмағалиұлы өз сөзінде.