Жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен XIII Спартакиада өткізілді

/uploads/thumbnail/20180423114349527_small.jpg

Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен XIII Спартакиада өткізілді.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы айтты.

 Шыңғыс Жұмағалиұлының мәліметі бойынша, жастардың жазғы маусымдағы бос уақыттарын тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен, барлық үйірмелер мен секцияларға қатысушы жастар мен жасөспірімдер арасында XIII Спартакиада өткізілді. Спартакиаданы өткізудегі басты мақсаттардың бірі жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру.

Салтанатты рәсімді өткізу барысында Спартакиада ұйымдастырушылары тарапынан қайырымдылық акция өткізіліп, ол акция бойынша мүмкіндігі шектеулі жастарға және мұқтаж балаларға арбалар сыйланды. Шара соңы жас талантты өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Спартакиаданың бірінші күнінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, оған 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 40 команда қатысты,-деп атап өтті ол.

Спартакиада футбол, воллейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, және стритбол секілді ойындар бойынша өткізілді. Сайысқа Алматы қаласының 200 аула клубтарынан, 1300-дей жастар мен жасөспірімдер қатысты.

Осы шара барысында, жастарды жұмыспен қамту мақсатында, Facebook, Instagram, Twitter, Вконтакте секілді әлеуметтік желілерде «Zhastar online»  атты арнайы ақпараттық жоба жасалды. Және де бұл жобаның тағы бір артықшылығы, тек қана бос жұмыс орындарын айтып қоймай, жұмыстар жайында ақпарат беріп, сонымен қатар, діни экстремисттік және терористтік бүлдіру жұмыстарының алдын алу жолдары мен қалай күресу жолдарын түсіндіреді, - деп баяндамасын түйіндеді басқарма басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы.

Связанные Статьи