Жұмыс жасап жатқан үйірмелер мен секциялардың жалпы саны 122-ні құрайды

/uploads/thumbnail/20180423114700405_small.jpg

Барлық орталықтарда жұмыс жасап жатқан үйірмелер мен секциялардың жалпы саны  122-ні құрайды.

Мұндай ақпаратты Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Басқарма басшысының ақпаратынша, қазіргі таңда Алматы қаласында жастарға әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуына үлкен үлес қосатын Мемлекеттік жастар саясатын дамыту Қоры қызмет атқаруда. Алматы қ.  МЖСДҚ қабырғасында жастар мен жасөспірім балаларға 40 бос уақытын тиімді өткізу орталығы, жұмыс атқарады. Тегін түрде қызмет атқаратын үйірмелер мен секцияларда бүгінгі күні 5000-ға жуық адам қатысуда. Аталмыш орталықтар Алматы қаласының 8 ауданында орналасқан: Алмалы ауданында 7 орталық, Бостандықта 2, Жетісу ауданында 4, Медеу ауданында 5 орталық және Түрксіб ауданында 8 орталық болса, ал, Наурызбай ауданында 2 орталық бар.  

Барлық орталықтарда жұмыс жасап жатқан үйірмелер мен секциялардың жалпы саны – 122-ні құрайды. Осы айтылған үйірмелер мен секцияларға 7 мен 29 арасындағы балалар мен жастар қатысады. Секциялар мен үйірмелердің жұмыс жасау аумағы 5000 адамды қамтиды,-деп айтып өтті ол өз сөзінде.

Бұдан бөлек, бос уақытты тиімді пайдалану орталықтарында жастарды және жасөспірімдерді әлеуметтік, мәдени, рухани дамыту жолында белсенді жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар,  Қазақстанның жаңа патриоттарын дайындауда, салауатты өмір салтын ұстануға пропаганда жасауда, суицид және нашақорлық алдын алу бойынша, сондай-ақ, «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша болашақта да біраз істер қарастыру көзделуде.

Өсіп келер жас ұрпақтың физикалық дамуы үшін  Алматы қаласының жастар саясаты Мемлекеттік даму қорының барлық бос уақытын ұтымды пайдалану орталықтарында 945 ішкіклубтық шаралар ұйымдастырылып, бас-аяғы 35 056 адамды қамтыды,-деп айтып өтті Шыңғыс Жұмағалиұлы өз сөзінде.

Связанные Статьи