Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы алты жылға ұлғайды

/uploads/thumbnail/20180423121422559_small.jpg

Елімізде өткен жылдармен салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 27 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Жалпыға ортақ денсаулық сақтау қызметіне» арналған баспасөз маслихатында айтылды.

 «Соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының 6 жылға ұлғайғаны байқалады, 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті, өлім 27 пайызға төмендеді, ана өлімі 4 есе төмендеді, нәресте өлімі 1,6 есе төмендеді, туберкулезден өлім 5 есе төмендеді, ҚЖА-дан болатын өлім 3 есе төмендеді, ал қатерлі ісіктерден болатын өлім 20%-ға төмендеді» - деп мәлімдеді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова.

Денсаулық сақтау жүйесінің қызметі аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға және тиімді емдеуге басымдықты бағытталғанын, мемлекет қабылдаған кешенді шаралар қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және сапасын жақсарту бойынша елеулі нәтижиелер бергенін атап өтті.

«Медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік клиникаларды халыққа қызмет көрсетуге көптеп жұмылдыруды қор қолға алды және биылғы жылы 1390 компанияның 602-і - жекеменшік клиникаларымен келісімшарт бекітілді», - дейді Л. Ахметниязова.

Спикердің сөзіне сүйенсек,бұл халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарының 43 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 183-ке артқан.

2017 жылдың қорытындысына сәйкес, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр өлім-жітім бойынша негізгі көрсеткіштер жақсарды. Жалпы өлім-жітім 3,1%, нәрестелердің өлімі 6,2% , аналар өлімі 5,5%, қан айналым жүйесінен өлім-жітім 1,8%, қатерлі ісіктерден 5,3 %, туберкулезден 11,8 % төмендеді. 2017 жылы 11 млн астам скринингтік тексеріс өткізілген. 806 мың адамда сырқат табылып, олардың 46 пайызы диспансерлі бақылауға алынды. Халықаралық сарапшылар кеңесі бойынша, скринингтің 4 түрі тиімсіз болғандықтан тоқтатылған. Алайда, скринингтен өтетін адамдардың жасы ұлғайтылып, қаралудың жиілігі артты. Тұрғындардың иммунопрофилактикамен қамтылуы 2017 жылы 97% құрады.

Адами капиталды дамыту мақсатында Қазақстан өз азаматтарының өмір сүру ұзақтығын жақсарту қажет. 

Связанные Статьи