ОҚО-да сәуірдің 22-нен 23-не қараған түні 4 адам жергілікті тұрғынның үйіне бетпердемен кіріп келген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шабуыл кезінде үйде 6 адам болған. Оның екеуі кәмелетке толмағандар.
«Оқиға Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында болды. 4 адам бетпердемен үйге баса-көктеп кіріп, тұрғынның ақшасын алып кеткен. Оқиға ҚР ҚК 179 бабы бойынша Түлкібас аудандың ішкі істер департаментінде тіркелді. Полицейлер ұрыларды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген ОҚО ІІД хабарламасында.