Ағымдағы жылы Алматы қаласында 3 368,5 млн. теңге сомасында 20 мыңдай мүгедектер әлеуметтік қолдаумен қамтылады.
Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиев мәлімдеді.
Мейіржан Батырбекұлының баяндауынша, уақытша болу жағдайында Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығында 684 адамға қызметтер көрсетілді. (180 төсек орын).
2018 жылы кезекті азайту және мұқтаж адамдарды толық қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы бойынша интернат үйімен сыйымдылығы аз үйді кеңейту бойынша құрылысты аяқтау жоспарлануда.
Басқарма жұмысының өзекті мәселелерінің бірі мүгедектерді әлеуметтік қорғау сұрақтары мен іс-шараларды оңалту шаралары болып табылады.
2017 жылы бұл мақсаттарға 3 млрд. 983,6 млн.теңге (РБ 579,5 млн.теңге, ЖБ – 3 млрд. 404,2 млн.теңге) бөлінді.
Мүгедектерді оңалту шаралары, жеке бағдарламалық оңалту бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық қосалқы құрылғылармен қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектер сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлы-курорттық емдеумен, жеке көмекші қызметтермен, «инватакси», ым тілінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.
«инватакси» - 199,7 млн. теңге сомасында 480 адам;
міндетті гигиеналық құралдармен 720,7 млн. теңге сомасында 7231 адам;
жүріп-тұруға арналған құрылғылармен 279,6 млн. теңге сомасында 1899 адам;
сурдотифлотехникалық құралдармен 597,2 млн. теңге сомасында 2721 адам;
жеке көмекшінің қызметтерімен 933,8 млн. теңге сомасында 2338 адам;
ым тілі мамандарының қызметтерімен 59,4 млн. теңге сомасында 283 адам;
сурдопротездік көмекпен 4,2 млн. теңге сомасында 357 адам;
протездік-ортопедиялық көмекпен 189,2 млн. теңге сомасында 2272 адам;
кохлеарлық имплантқа тілдік процессорды орнату және ауыстыру бойынша қызметтермен 155,8 млн. теңге сомасында 43 мүгедектер;
санаторлық-шипажайлық ем 445,2 млн. теңге сомасында 4436 мүгедек, 389,6 млн. теңге сомасында 3609 ҰОС және еңбек ардагерлері қамтылды.
Мүгедектерге өздерінің құқықтарын жүзеге асыру бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында объектілерді бейімдеу мен паспорттауды қарастыратын мүгедектерді әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет.
2013 жылдан бастап барлығы 3010 объект паспортталған немесе жоспардан 100%, 1694 (100%) бейімделу жүргізілген.
2018 жылы 3 368,5 млн. теңге сомасында 20 мыңдай мүгедектер әлеуметтік қолдаумен қамтылады.
Қорытындылай келе, әлеуметтік қорғау шараларының нәтижелігін жоғарылату бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және осы бағытта жалғасатынын атап өту қажет, - деп сөзін түйіндеді Мейіржан Отыншиев.