Алматыдағы автовокзалдарға қоғамдық мониторинг жүргізіледі

/uploads/thumbnail/20180425112051373_small.jpg

Алматы қала­сы қоғамдық ке­ңесі­нің мүшелері екі күн­нен бері шаһар­дағы авто­вок­зал­дарға ұйым­­дас­тырған қоғамдық мони­торингінің нәти­жесі көңіл қуант­пай­тынын жеткізді. 

Қоғамдық мониторингтен кейінгі қоғамдық кеңестің оты­рысы қаладағы автовокзалдардың бүгінгі жағдайы мен жай-күйіне арналып, қызу пікірталас пен сын-пікірлерге де орын берілді.

Жиналысқа автовокзалдар басшылары да қатысып, айтылған сын-пікірлерге жауап беруге тырысты.

– «Саяхат» автовокзалының  кіреберіс жері бей-берекет сауда. Санитарлық талаптың иісі де сезілмейді. Қираған азық-түлік базары, жаппай сауда нүктелері орналасқан. Бәліштер мен су сатылады, донер мен самса­лардың қандай жағдайда дайын­да­лып жатқанын айтпай-ақ қой­сам да болатын шығар. Мұндай базарды қалдыруға болмайды. Қаланың ортасында мұндай нысанның жұмыс істеуіне кім рұқсат берді екен? Біз такси­лерден басқа ешқандай авто­бус көрмедік. Автовокзал деген аты болмаса, ондағылар такси қызме­тін көрсетумен  айналысады деп түсіндік. Автовокзал  ғимараты жоқ. Ал мұндағы дәретханалар мүлдем сын көтермейді, – деген қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр Қисықовқа аталған автовокзал  басшысы Ахмет Алероев:

–       «Саяхатты» қазіргі орнынан «Жеті­су» базары жаққа көшіру туралы әңгіме айтылған болатын. Біз тек маусым сайын жеңіл-желпі жөндеу жұмыс­тарымен айна­лысамыз. Менің өзім жалдаушымын, автовокзал  егесі басқа  адам. Базардың бізге қатысы жоқ, ол қалаға қарайды, – деп жауап берді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің баса назар аударып, ең көп ескер­ту жасаған нысаны – «Сайран» автовокзалы  болды.

–       Автовокзалдың  мәртебесі халық­аралық болғаны­мен, ондай талаптарға   сай  емес. Автовок­зал­дың  жалпы аумағы – бес гек­тар. Ғимараттың ішіндегі нысан­дардың бәрі жалға беріледі. Өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған, өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Қосалқы есіктердің жолы бөгде заттармен жабылған. Ғима­раттың жағдайы қанағаттан­дырарлықсыз. Күрделі жөндеу жұмысын қажет етіп тұр. Медици­налық пунктке сілтеме көрсетіл­меген. Қоғамдық тамақтану орын­дарының сани­тар­лық кітапшасы жоқ әрі қызмет­керлердің үстінде арнайы киімі жоқ, – деді қоғам­дық кеңестің мүшесі Жұмагүл Тәжібекова.

«Сайран» автовокзалы  Тасы­мал­дау бөлімінің басшысы Ерлан Әбілдаев қоғамдық тамақтануға қатысты сын-пікірлермен келісе­тіндігін айтып, ол салада мәселе көп екендігін жеткізді. Соңғы 10 жылда автовокзалдың жөндеу жұмыста­рына 217 миллион теңге жұмсалған.

Айта кетсек, бұған дейін қала­лық қоғамдық кеңес мүшелері халықаралық «Алматы» әуежа­йына да осылай қоғамдық мони­торинг жасап, біраз кемшілік­тердің орны толтырылған болатын.

Связанные Статьи