Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды деген болатын. Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек» деген болатын.
Соңғы жылдары өңірімізде тозығы жеткен көліктерді қабылдайтын пункттің, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындарының ашылуы, пластик шыныларын кәдеге жаратуды қолға алу – соның айғағы. Ағымдағы жылы өңіріміздегі «Кама-Орталығы» ЖШС ескірген автокөлік доңғалақтарын терең өңдеуден өткізіп, ұнтақтап, кәдеге жарататын зауытты іске қосты. Іске қосылған зауыт өңірдегі экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан тиімді инновациялық жобалардың бірі болып саналады.
Жаңа зауыт иелері қайталама шикізаттан дайын өнім шығарумен қатар, жол жөндеу және құрылыстың басқа да салаларына арналған резеңке ұнтақ өндіруді жоспарлап отыр. Аталмыш зауыт «Автокомбинат» ЖШС-ның өндіріс ғимараттарын қайта жаңғырту және заманауи құрылғымен жабдықтау нәтижесінде іске қосылған. Пайдаланылған көне доңғалақтарды қайта өңдеуден кейінгі өнімнің қолданылу саласы да әр түрлі. Тозығы жеткен шиналар зауытта өңдеудің бірнеше кезеңінен өтіп, кейін ұнтаққа айналады. Өндірілген резеңке ұнтағынан балалар алаң- қайы немесе спорт алаңына жамылғы ретінде қолданылатын таптырмас материалдар жасалады. Бұл өнім жарақаттанудан сақтай- ды, тозбайды, 80 градус ыстық пен суыққа төтеп береді. Ал төсеніштердің пайдаланылу мерзімі он жылды құрайды. Сондай- ақ мұндай резеңке жамылғылар теннис корттарына, жүгіру лақтарына, медицина және балалар мекемелерінің едендеріне төсеуге өте ыңғайлы болмақ.