ҰҚКҰ Заңсыз көші-қонмен күресті үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өтті

/uploads/thumbnail/20180426130550378_small.jpg

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі бойынша мүше-мемлекеттердің құзырлы органдары басшылары Үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өтті.

2018 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын Қазақстан Республикасы жүзеге асырады.

Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер, атап айтқанда Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларуссия, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының делегациясы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаевтың басшылығымен қатысты.

«Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы Ресей Федерациясы бағытында транзиттік мемлекет болғандықтан виза және шекара асып өту төңірегінде біршама мәселелер туындайды. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамаларын жетілдіру мақсатында және шетел азаматтарының ел аумағына келу процесстерін жеңілдету үшін бірқатар өзгерістер енгізілгендігі талқыланды. Қазақстанға инвесторлар мен туристерді көптеп тарту үшін көші-қон рәсімдері жеңілдетіліп, ел аумағына заңсыз келетіндерге қатысты заң талаптары күшейтілді. Атап айтсақ, өткен жылы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған үшін 109 мың 872 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 мың 685 азамат сот шешімімен ел аумағынан аластатылды», - деп мәлімдеді Ерлан Тұрғұмбаев.

Отырыста ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон жағдайына қатысты мәселелер, заңсыз көші-қонға қарсы жүргізілген шаралардың тиімділігі, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының шекаралас аудандарында қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, ірі халықаралық және спортттық іс-шараларға дайындық және өткізу кезіндегі (Қазақстан Республикасындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі және Ресей Федерациясындағы футбол бойынша ӘЧ-2018) заңсыз көші-қонның жолын кесу, көші-қон саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз бойынша жұмыс тәжірибесі зерделенді. ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон саласында редамиссия туралы келісімшарт және басқа да екіжақты келісімдер жасасу бағытындағы тәжірибелер де ортаға салынды.

Связанные Статьи