КХДР мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық шекарадағы Пханмунджом сөйлесу пунктінде кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап.
Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин бір-бірімен қол беріп амандасып, бірге суретке түскен. Одан кейін корей аралық саммит өтетін ғимаратқа барған.
Ким Чен Ын КХДР келіссөзге тарихтағы бейбітшілік пен даму жолындағы жаңа парақты ашуға дайындалып келгенін мәлімдеген.
Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысын келісімге келуге шақырды.
«Егер біз шынайы сұхбат жүргізсек, бұл - бейбітшілікке ұмтылған ұлтымыз бен Жер бетіндегі адамдарға үлкен сыйымыз болмақ» деді ол.
Бүгін екі елдің қарым-қатынасын жақсарту жолдары қарастырылады.
Ким Чен Ын Оңтүстік Корея шекарасына кірген алғашқы КХДР президенті. Екі ел арасындағы шекараның жабылғанына 65 жыл болған.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Солтүстік Корея ядролы қару мен баллистикалық зымыранды сынауды тоқтатып, Пхунгеридегі ядролы полигонды жабатынын мәлімдеген.
Оставить комментарий