Оңтүстік Корея әкімшілігінің өкілі Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы саммиттің жалғасып жатқанын хабарлады. Екі ел саммит соңында бірлесе қорытынды мәлімдеме жасайды. Бұл жайында Риа Новости хабарлады.

Тараптар бірлескен декларацияны жасау бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыру туралы шешім қабылдады. Егер жаңалық болса, екі ел президенті бірлесіп мәлімдеме жасайды, - деді арнайы өкіл.
Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық желіде кездесті. Ким Чен Ын шекараны бөліп тұрған сызықты өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.