КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Пханмунджомда өтіп жатқан корейаралық саммиттен үлкен үміт күтетінін мәлімдеді.
— Президент Мун Чжэ Инмен маңызды мәселелер жайында жақсылап сөйлескім келеді. Нәтижесі де жақсы болады деп ойлаймын, - деді Ким Чен Ын.
Бүгін КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық желіде кездесті. Ким Чен Ын шекарадан өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.