Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, шығыстың кей жерлерінде күндіз қатты жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай күтіледі, батыста бұршақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысында түнде және таңертең найзағай болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі.