Сүйіктісін азаптаған астаналық әйелге қатысты сот үкімі шықты

/uploads/thumbnail/20180428104140079_small.jpg

Астананың Есіл аудандық №2 сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы өз сүйіктісінін зақымдаған әйелге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сүйіктісіне ауыр зардап келтірді деп айыпталған астаналық әйелге қатысты сот тыңдауы жабық тәртіпте өтті. Үкім оқылғанда ғана БАҚ өкілдері қатыса алды. "Сот 1981 жылғы  Қарағанды облысының тумасы Н. азаматшасын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырады, ол жазасын орта деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін.

ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес, жаза мерзімі үш жылға қысқартылсын", - деп оқыды үкімді судья Қанат Тобағалиұлы.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде  күдікті әйелдің суреті бар құжат таралған болатын. Онда астаналық әйелдің өз сүйіктісіне ауыр зақым келтіргені айтылады. Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.

Связанные Статьи