Қазақстанда мереке күндері ауа райы қандай болады

/uploads/thumbnail/20180401103009406_small.jpg

«Казгидромет» РМК 29 сәуір — 2 мамыр аралығына жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

— Сәуірдің соңғы күндері атмосфералық ауа ағындарының әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым алаңында болғандықтан жаңбыр кей жерлерге ғана жауады. Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 22...33 градусқа дейін жетеді,-деп жазылған хабарламада.

1-2 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.

Связанные Статьи