Астанада балмұздақтан зиянды бактерия табылды

/uploads/thumbnail/20180330145431098_small.jpg

Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ «Bаmbino» балмұздағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған»,-деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар өнімнің барлығы Сарыарқа ауданы, Тайбурыл көшесі 7 мекенжайында орналасқан дүкенде сатылып кеткен.

Микроорганизмдер табылған аталмыш балмұздақ өндіріс цехынан да шықты. Сонымен қатар бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді.

Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-на әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.

«Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.

Ведомство тұрғындардан «Банур НС» ЖШС өндіретін ТМ «Bаmbino» балұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда тел. 31-71-39, факс: (8-7172) 31-61-10; e-mail: astana.dooz@mz.gov.kz байланыс телефондарына хабарлауын сұрайды.

Связанные Статьи