АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктері әлеуметтік желілерде түрлі роликтер жариялап, қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат.
«Қазақстан Халқының Бірлігі күні құтты болсын! Happy Unity Day! Достастық әрдайым біздің балаларымызды бөлесін!», - деген құттықтау сөздерін елшілік инстаграм парақшасына жариялады.
Видеода қолдарында «All for one. And one for all!» (Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!), «Бірлік», «Келісім», «Ынтымақ» және басқа да жазулары бар парақтарды ұстап тұрған балалар бейнеленген.
ҚР-дағы Ұлыбритания Елшісі Майкл Джон Гиффорд өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда 120-дан астам ұлттық достық пен келісімде өмір сүріп, өз мәдениетін дамытып жатқанын атап өтті. Мен күн сайын қазақстандықтардың қонақжайлылықтарына, кішіпейілділіктері мен көрегендіктеріне куә болып жүрмін», - деп атап өтті елші, бейбітшілік пен бірлік тілей отырып.