2 мамыр, сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар республиканың 3 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Ақтау, Атырау, Тараз қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.