Тайвань жағалауында 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл жайында қытай сейсмологиялық орталығының мамандары мәлім етті.
Жер асты дүмпуі сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 7:47-де аралдың шығысында Хуалянь округіне жақын аймақта тіркелген.
Жер сілкінісінің эпиорталығы 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қираған мекемелер мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат әлі айтылмады.