Қазақстаннан Ресейге жіберілетін қаржы өсті

/uploads/thumbnail/20170803152659321_small.jpg

2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында қаржы аудару жүйесі арқылы шетелге 113,4 миллиард теңге жіберілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 36,4% көп.  Ал шетелден Қазақстанға келген қаржы аударымдары тек 5,9% ғана өсіп, 59,6 миллиард теңгені құрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақша көп жіберілген ел – Ресей. Көрші елге 50 миллиард теңге аударылған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30,1% көп. Ал Ресейдің үлесі 46,2%-дан 44,1% азайған.

Екінші орында – Түркия. Түркияға жіберілетін қаржы көлемі екі есеге өскен. Түркияның үлесі 7,8%-дан 11,4% өскен.

12,4 миллиард теңге аударыммен  Өзбекстан және  12,3 миллиард теңгемен Қырғызстан үшінші орынға жайғасты.

Шетелден келіп түскен ақшаның соммасы бойынша да Ресей көш бастап тұр. Биыл Қазақстанға Ресейден 26,4 миллиард теңге аударылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10,7% аз. Үлес с 52,7%-дан 44,4% дейін қысқарды.

Екінші орында – Оңтүстік Корея. Аталмыш елден Қазақстанға 8,7 миллиард теңге аударылды.

Көшбасшы үштікті Қырғызстан тәмамдайды. Көрші елден Қазақстанға 6,1 миллиард теңге аударылды.

Связанные Статьи