Ұлыбритания «адам құқығын бұзған» Ресейге қарсы санкция салмақ

/uploads/thumbnail/20180502120042259_small.jpg

Ұлыбритания парламентінің өкілдер палатасы адам құқығын бұзды деп танылған азаматтарға қарсы санкция салуды мақұлдады. Санкия салу туралы жоба дауысқа салынбай-ақ қабылданған.

 Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон мұны «маңызды оқиға» деп атады.

«Бұл жағдай Ұлыбританияның әлемде адам құқығын бұзушыларға қарсы шаралар қолдануына мүмкіндік тудырады. Ұлыбритания әлемде адам құқығын қорғайды» деп жазды Джонсон Twitter-дегі парақшасында. Заң жобасы күшіне енуі үшін оны енді Лордтар палатасы мақұлдауы тиіс.

Азаттық берген мәліметке сүйенсек, Ұлыбританияда мұндай заң жобасы наурыз айында Солсбери қаласында Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль уланған соң мақұлданып отыр. Британ тергеушілері Скрипальдерді улауға Ресей арнайы қызметінің қатысы бар деп біледі.

Заң жобасы Ұлыбританиядағы санкция салу туралы заңға түзету ретінде ұсынылған және ол қабылданса, үкімет әлемде адам құқығын бұзды деп танылғандарға қарсы санкция салуға құзыретті болады.

Мұндай заң бұған дейін АҚШ-та қабылданған. Кеңейтілген заңда Вашингтон «адам құқығын бұзуға қатысы бар» деп білетін ресейліктерге экономикалық санкциялар салу және визалар бермеу шараларын қарастырған.

Связанные Статьи