Ертіс жағасынан 300 жылдық адам басының қаңқасы табылды

/uploads/thumbnail/20180502141135175_small.jpg

Павлодар облысында тұрғындар Ертіс өзенінің жағасынан 300 жылдық адам басының қаңқасын тауып алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Куәгерлер қаңқа табылған жердің суреттерін әлеуметтік желілерде бөлісті. Аққу ауылының тұрғынының айтуынша, бас қаңқасынан да бөлек ол жерде сүйектердің бөліктері де жатқан.

Ауыл әкімдігі мәлімдегендей, табылған адам қаңқасы 18 ғасырда көмілген. Қаңқа табылған жерге жақын маңда ескі православтық зираттар орналасқан екен.

«Бізде 300 жыл бұрын көмілген адамның қаңқасы бар. Жыл сайын өзен жағасын су шайып өтіп, салдарынан адамдардың қаңқасы жағаға шығып қалады. Қазір жағалауға жақындап бару мүмкін емес, су деңгейі өте жоғары көтеріліп кеткен, жартастардың құлап кету қауіпі бар. Су деңгейі төмендегеннен кейін табылған адам қаңқаларын жинап, қайтадан көміп тастаймыз», - деді Лебяжинск ауылдық округінің әкімі Е.Балтабаев.

Оның айтуынша, табылған адам басының қаңқасы мен сүйектерін Аққу ауылындағы зираттардың біріне көмеді екен.

«Бізде көне адам қаңқаларын қайтадан көметін зират бар. Ол толығымен қоршалған, адам қаңқаларын қайтадан көмуге аздаған орын бар. Жыл сайын мұндай жұмыстарды атқарып отырамыз, жағдай үнемі бақылауда. 2015 жылы ескі зираттың орнында археологтар жұмыс істеген. Бұл зират 18 ғасырда пайда болған деген болжам бар», - деп атап өтті әкім.

Аққу ауылының тұрғындары соңғы рет адам қаңқаларын 2016 жылы тауып алған. Әкімдіктің мәліметінше, ол кезде бес адам жерленген орындар табылған. Айта кетейік, тұрғындар адам қаңқаларын 1990 жылдан таба бастаған. 2014 жылдың жазынан бастап бұл жерде адам қаңқалары мен бас сүйегінен басқа жерленген орындар мен ағаштан кесілген палубалар да табылған.

Связанные Статьи