Қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылдың сәуір айында Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-ші қабатындағы дәрісхананың терезесінен құлап кеткен.
1997 жылғы Томирис таңғы 4.00-те қайтыс болды. Тергеушілер сәуірде аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілердің мәліметінше, қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға 13 сәуірде болды.
Томирис халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-ші курсында оқыған. Ол үзіліс кезінде терезеден құлап кеткен. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оны итеріп жіберген.