Дональд Трамп мемлекет хатшысы Майк Помпеоға Ресейге қатысты жаңа шектеулерді дайындауды тапсырды деп хабарлайды РИА Новости.
Жаңа санкция енгізудің себебі — Мәскеудің орта және алыс қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартты бұзғаны болып отыр.
Ендігі уақытта Помпео қаржы, қорғаныс, сауда министрліктері мен ұлттық барлау қызметінің директорымен осы мәселеге қатысты жұмыс істейтін болады.