Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі өтуде

/uploads/thumbnail/20180517233942177_small.jpg

Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі өтуде. Чемпионатта елдің ең үздік балуандары бақ сынасып жатыр.

Чемпионаттың ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Грек-рим күресі бәсекелерін Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов бақылап отырды. Алты салмақ бойынша бозкілемге шыққандар арасында сайыс аса тартысты өтіп, жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарды Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, әлем чемпионы Бақтияр Байсейітов, күрес түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев, ОҚО құрметті азаматы Махамбет Сапарбаев, ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев, қалалық мәслихат депутаты Ғани Ахметбаев, тағы басқа спорт мамандары марапаттады.

Бүгін 60, 72, 82, 97 келіде ел чемпиондары анықталмақ.

Айта кетейік,  ОҚО балуандары бұл белдесулерде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, кеше әйелдер күресінен де белдесулер басталған. Бүгін алты саламақта іріктеу сындары өтеді.

 Грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

55 келі:

  1. Қорлан Жақанша (Алматы)

2 . Аманғали Бекболатов (СҚО)

3 . Жансерік Сәрсенбиев (Жамбыл)

3 . Нығметжан Қатымханов (Астана)

63 келі:

1 .Ернұр Фидахметов (ШҚО)

2 .Айдын Нұғыманов (Алматы облысы)

3 .Рамазан Тілеухор (Алматы облысы)

3 .Райымбек Құрманәлі (ОҚО)

67 келі:

  1. Мейіржан Шермаханбет (ОҚО)

2 .Абылайхан Әмзеев (ОҚО)

3 .Данияр Қаленов (СҚО)

3 . Абылай Серік (Ақтөбе облысы)

77 келі:

1 . Асхат Ділмұхамедов (Алматы облысы)

2 . Нұржан Нәдіров (Жамбыл облысы)

3 .Тамерлан Шадукаев (Қостанай)

3 . Рахмет Сәпиев (Қостанай)

87 келі:

1 .Азамат Құстыбаев (Астана)

2 . Хусейн Муцольгов (Қарағанды)

3 . Санжар Темірбек (Алматы облысы)

4 . Осман Уали (ОҚО)

130 келі:

1 . Нұрмахан Тінәлиев (Алматы облысы)

2 . Антон Совенко (Павлодар)

3 . Талғат Жиентаев (Қостанай)

3 . Мансур Шадукаев (Қостанай)

Связанные Статьи