Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, найзағай, желдің күшейюі күтіледі. Оңтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерінде - тұман.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде - найзағай. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.