Оралда ІТ-алаңының жобасы таныстырылды

/uploads/thumbnail/20170810160221238_small.jpg

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері »  атты Жолдауында  жоғары білім беру ісінде « үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын арттыру, сондай-ақ ІТ, инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту туралы айтқан болатын. Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде  «SMART CITY, DIGITAL UNIVERSITY» форумы аясында ІТ-алаңының жобасы таныстырылды.

- Smart city тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу үшін ойлап табылған. Ол үшін ІТ-қызметкері болу міндетті емес, бірақ әр түрлі идеялар дайында- лып, енгізілуі тиіс. Сондықтан бірін- ші және екінші курс студенттерін жобаларға қатысуға шақырамыз, ал біз өз кезегінде дайын жобалар- ды өздеріңізге беріп, оны жүзеге асыруға қаражат бөлетін боламыз. ІТ-компаниялардың өкілдері де форумға шақырту алғандарына қуанышты екендіктерін жеткізді. Себебі студенттердің қандай жоба ұсынатыны мен қолдарынан қандай дүние келетінін көру қызық болған.  Біздің компания телекоммуникация, автоматика мен қауіпсіздік жүйесінің жетекші жүйелік интеграторы болып табылады және қаламыздағы ең ірі компаниялардың бірі. Осындай форумға бірінші рет қатысып тұрмын, басқа компаниялардан келген әріп­тестерімнің пікірлерін тыңдадым, университет студенттерінің жобалары мен талдамалары өте жақсы, - дейді «Avencom» ЖШС-ның жетекші инженері Сергей Ищенко.  Сондай-ақ басқосуда сала мамандары өз ұсыныстарын жеткізді.

- Орал қаласында тұрғын үй- коммуналдық ша­руа­шылықтың не­гізгі бағыттарын цифр­лан­дыру мен смарт-желілер­ді дамыту бойынша қанатқақты жо­ба­ларды жүзеге асыруда. Білім жүйесінің де аталмыш үр­діске қосылуы маңыз­ды. Сондықтан озық тех­но­логия­ларды мең­гер­ген бі­­­лім­­ді ма- мандарды даярлаумен шек­теліп қалмай, университетте оқып жүріп, өздері түрлі жобаларды жасақтап, оны өндіріске батыл енгізе алатын кәсіби маман тәр­бие­леп шығаруымыз керек, - деді форум- да сөз алған университет ректоры Асқар Нәметов. Орал қалалық әкімдігінің аппа- рат басшысы Сәкен Нұртазаев облыс орталығында қолға алынған 15 заманауи жоба туралы баяндады. - Мемлекет басшысы «ақылды қалаларға» көп көңіл бөлуде, - деді аппарат жетекшісі.

Жоба жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға және заманауи тенденциялармен танысуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ІТ саласындағы ынтымақтастықты арттыру, озық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу және инновациялық сала үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Связанные Статьи