Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі ұсталды

/uploads/thumbnail/20180523092351441_small.jpg

Танымал кәсіпкер, бұрынғы "Эксимбанк Қазақстан" АҚ басқарма төрағасы Еркін Әмірханов бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның 50 бай адамы тізіміне енген. Кәсіпкерді коммерциялық пара алды деп айыптап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰҚК-де хабарлағандай, Е.Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары 2018 жылдың 3 мамырында басталған.  

амирханов

 "2018 жылдың 3 мамырында ҰҚК-нің тергеу департаментімен Е.Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол ҚК-нің 6-бөлім, 253-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталып отыр", - делінді ҰҚК хабарламасында.

Әмірхановты 5 мамырда ұстап, 6 мамырда Астана қаласының Есіл ауданының №2  соты оған қатысты  екі ай мерзімде қамауда ұстау бұлтартпас шарасын қолданды.

Связанные Статьи