Желіде Лениннің ескерткішіне тақия киігізіп, Абай Құнанбаевтың атын жазып қойыпты деген видео тарап жатыр.
Видео авторының айтуына қарағанда, бұл ескерткіш Ақмола облысы Степногорск қаласында орнатылған.
"Мұнда бұрын Лениннің ескерткіші тұратын. Енді қазір ескерткішке тақия кигізіп, Абай деп жазып қоя салған. Бұл не сұмдық", - дейді видео авторы.