Мәжіліс бет-жүзді көрсетпейтін киім киюге тыйым салатын заң қабылдады

/uploads/thumbnail/20170825114059305_small.jpg

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар ҚР "Дін істері  және діни бірлестіктер мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу"  заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.

"Заң жобасының  негізіне діни саладағы мемлекеттік саясат концепциясы енді",-дейді халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша Мәжіліс комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман.

 Енгізілген түзетулермен қоса, қоғамдық орындарда бет-жүзін көрсетпейтін киімдерді киюге тыйым салынып, тиісінше заңды бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. 

Связанные Статьи