Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығын тағайындады

/uploads/thumbnail/20180402171822654_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы етіп Қанат Орынтайұлы Оразқұловты тағайындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи