Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзеніне жүргізілген сараптаманың нәтижесімен бөлісті.
Департамент басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, судық құрамынан уландырғыш, химиялық элементтер табылмаған.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Үлкен Алматы өзенінің суы қызыл түске боялғаны анық көрінетін видео әлеуметтік желіде таралды. Суды видеоға түсірген қала тұрғыны ешқандай бөтен иіс сезбеген.
Қоғамдық денсаулық сақтай департаментінің мамандары өзеннің айналасын тексеріп, сараптама жүргізді. Алайда, тексеру барысында күдікті заттың байқалмағанын мәлімдеген. Өзеннің де түсі қызыл болмаған.
Оставить комментарий