Almaty Arena спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан турнир басталды

/uploads/thumbnail/20180525120239389_small.jpg

Almaty Arena спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection «Koktem open-2018» xалықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды қалалық ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бүгін, жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер күш сынасты. 400-ге жуық спортшы тек Алматы қаласы емес, еліміздің әр облысынан және Қырғыстаннан келіп өнер көрсетті.

Осы аренаға жиналған қонақтар мен ата-аналар қызықты әрі тартысты кездесулердің куәсі болып, оларға қолдау көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды.

«Жарыс жақсы деңгейде өтті. Өкінішке қарай, бірінші орын ала алмадым. Қарсыласым мықты болды. Оның үстіне соңғы жаттығуларға көптеген себептермен келе алмадым, сол нәтижеге өз әсерін тигізді. Бірақ, алда жеңісті күндер көп болады деп сенемін», - деді қола жүлдегер Арнур Шабдар.

Айта кету керек, бұл жарыс IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.

Ертең, екінші күні жарыс 18 жастан жоғары қатысушылар арасында өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да.

Турнирдің басты мақсаты елімізде бразилиялық джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау болып табылады. Жарыстың нәтижелерін www.arlangrip.kz сайтынан көре аласыздар.

Связанные Статьи