ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Сенің жаңа қырың!» челленджін қолдайды!

/uploads/thumbnail/20180525170716474_small.jpg

 26 мамыр сағ 11.00-де  «Дәулет» СК Мәдениет және спорт Министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Другой ты!» челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық Телекөпір» ұйымдастырады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Телекөпір мәнісі – облыстармен бірігіп сауықтыру гимнастикасын жасауға саяды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өңірлерді Елбасының бастамасын қолдап, челленджге қатысуға шақырады.  

Осылайша, телекөпір арқылы онлайн трансляцияға 4 қаламен шығу жоспарланған. Челленджге Шымкент, Өскемен, Петропавл және Ақтау қалалары шығады. Орталық Астанада орналасады. Жаппай сауықтыру гимнастикасына танымал спортшылар, әртістер мен өңірге танымал қоғам қайраткерлері қатысады. Серік  Сәпиев, Василий Левит, Ольга Шишигина, Әділбек Ниязымбетов, Гюзаль Манюрова шараны қолдауға келеді. Облыстардың қатысушылары Астанадан берілген старттан соң, арнайы музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасайды.  

Естеріңізге салайық, 22 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев республикалық спорттық "Challenge Другой ты!" шарасына қолдау білдіріп, қазақстандарды спортпен айналысуға шақырған болатын.  

Шараның мақсаты – қазақстандықтар арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету. Оның аясында белгілі спорт, мәдениет, БАҚ өкілдері дене шынықтыру жаттығуларын жасап, қазақстандықтарды спортпен айналысуға  шақырады.  

Связанные Статьи