Балқаштағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов есімі берілмек

/uploads/thumbnail/20180526135810377_small.jpg

Балқаш қаласындағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілмек. Бұл жайында Әділет ҚР нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында хабарланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Әлихан Бөкейхановтың есімін «Балқаш қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» қалалық мемлекеттік мекемесіне берілсін», - делінген Үкіметтің 2018 жылғы 24 мамырындағы №286 шешімінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Әлихан Бөкейханов – Алаш көсемі, қазақтың қоғам қайраткері, педагог, журналис, этнограф. «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі, Қазақстан Республикасының уақытша үкіметінің комиссары, 1971 жылдан 1920 жылға дейін Алаш автономиясының төрағасы болған.

Связанные Статьи