Алматы облысында тас жолда болған жол апатынан төрт адам көз жұмды. ІІД-де бұл ақпаратты растады.
Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 132-шақырымында орын алған. Toyota RAV-4 автокөлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Екі көлік бір бағытта келе жатқан көрінеді. Белгілі болғандай, автокөлік салонында бес адам болған, олардың төртеуі көз жұмды. Көз жұмғандардың ішінде жаңа туған нәресте бар.
Жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.