Аралдың тұзды дауылы Өзбекстанның солтүстігіне дейін жетті (видео)

/uploads/thumbnail/20180528121208292_small.jpg

Екпіні қатты желдің әсерінен Өзбекстанның солтүстік бөлігін Арал теңізінің тұзы шаңы басып қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі nuz.uz - ке сілтеме беріп. 

Өзгидрометтің мәліметі бойынша желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Аз ғана уақыт ішінде Нүкіс қаласының барлық аймақтарын, көрші қалаларды, көліктер мен ғимараттарды тұзды шаң басқан. Дем алу қиын болғандықтан тұрғындар бетперде тағуға мәжбүр болған. 

тұзды дауыл

«Нүкісте тұзды дауыл соқты. Қатты желдің әсерінен шаң мен тұз көтеріліп қала мен ауылдарға жетті. Тұзды шаң адамдардың көзін ашытып, үйдің ішіне дейін кіріп кетті. Бұл жәй тұз ғана емес, ол Амудариядан Аралға түсетін пестицидтер мен азотты тыңайтқыштар», - дейді қала тұрғыны Азамат Маткаримов.

Қатты желдің әсерінен тұзды шаң Үргеніш қаласына дейін жеткен. Дәл осындай табиғи құбылыс Навоий және Хорезм облыстарынан да байқалған. 

 

 

Связанные Статьи