Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипі аясында туған дауға байланысты пікір білдірді.
Абаевтың айтуынша, бұл ақпарат өзі үшін күтпеген жағдай болған.
«Біз бәрін тексеріп, анықтаймыз, кейін сіздерге айтамыз. Иә, логотипте айтарлықтай ұқсастық бар, бірақ әңгіме плагиатта емес деп ойлаймын. Мұнымен жеке айналысамыз», - деді министр.
Айта кетейік, Желі қолданушылары "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының логогтипінің түпнұсқа екендігіне күмән келтірді. Facebook белсенділері мемлекеттік бағдарламаның логотипін түрлі түстерден жасалған мозайкадағы бүркіт бейнесіндегі франциялық ұйымның суретіне ұқсас деген пікір айтып жатыр.
Оставить комментарий