Қазақстандық Нұрмұхаммед Жақып Ресейдің "Привет, Андрей" атты ток-шоуында -өнер көрсетті.
Инстаграмдағы видеоларымен атақты болған бала желідегі жас жұлдыздарға арналған бағдарламаға қатысты.
Ақтаулық өнер иесін Андрей Малахов ""Бізде қонақта Қазақстаннан келген жарық жұлдыз", - деп таныстырды.
Бала бағдарламада өзінің анасына арналған әсерлі композицияны орындап берді.
Бағдарламаның "You Tube" нұсқасында Нұрмұхаммед 1:06:56 минутта сахнаға шығады.
Нұрмұхаммед Жақып әлеуметтік желіде кеңінен танымал, деп хабарлады "lada.kz". Қазір оның Instagram парақшасында 260 мыңнан аса оқырман бар. Баланың тыңдармандары оны Қазақстан эстрадасының болашақ жұлдызы деп атайды.