Балиева балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысын түсіндірді

/uploads/thumbnail/20180603133638508_small.jpg

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыратын ата-ана аларды жазалау туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Желі қолданушылары ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтқан сөзімді қызу талқылап жатқан көрінеді. Бұл мәселенің айналасындағы сауалдарға менен артық ешкім жауап бере алмайды деп ойлаймын. Есептік кездесуде ата-аналардың жауапкершілігін бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал деп атаған болатынмын. Менің тарапымнан бұл тармаққа баса назар аударылды. Ата-аналардың бала өлімі мен жарақаттануды алдын-алатын негізгі шараларды тұрақты қолданатыны белгілі", - деп жазады Балиева facebook парақшасында.

Балиева соңғы жылдардағы бала өліміне қатысты статистика қорқынышты екенін айтады. Ал себептері одан да ауыр. Әрбір үшінші оқыс жағдай ата-аналардың салақтығынан болған. Оның ойынша бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. 

Бұл ретте Балиева ата-аналардың жағдайына ыңғайлы шаралар қолданылады дейді. Егер баланың анасы отбасындағы жалғыз асыраушы болса, 50 мың жалақыға бір жерде сатушы болып жұмыс істейтін болса, бала күтушісін жалдау қиынға соғады. Осы себепті біз ата-аналар үшін балаларының бала-бақшасына жақын жерден жұмыс тауып беру жағдайын қарастырып жатырмыз.

"Біздер қарама-қайшы жағдайлар да кездеседі. Мысалы ата-анасы баласын ұйықтатып, есікті кілттеп, қонаққа кетіп қалады. Қараусыз қалған бала ол уақытта оянып оқыс жағдайдан көз жұмады немесе жарақат алады. 111 нөміріне осыған ұқсас жағдаймен бір күнде қаншама адам көмек сұрап хабарласатынын білсеңіздер, шошитын едіңіздер", - деді бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

"Екі жағдайдың арасы жер мен көктей екенін атап өткім келеді. Бірінші жағдайда бізге ойлану керек. Қиын жағдайға қарамастан балаларын асырап отырған батыр аналарға арналған нақты ұсыныстар күтемін. Екінші жағдайда мемлекет баланың өліміне әкеліп соқтыратын жауапсыздыққа бей-жай қарамай, жаза түрін ауырлату керек. Баланың ойыншық, машина, немесе жеке зат емес екенін түсінуіміз керек. Бала - өмір сүруге құқығы бар тұлға", - деді Балиева. 

Балалар омбудсмені елімізде Германия тәжірибесіндегі баланы қараусыз қалдырғандарға заң жүзінде қолданылатын тәсіл қаралып жатқанын айтып өтті. 

"Бұл заң келесідей логика бойынша жасалып жатыр: бала үйде жалғыз қалғанда терезеден құлауы, үйде өрт тұтануы мүмкін, тоққа түсіп немесе пышақпен жаралануы мүмкін. Бұл жағдайлар елімізде қазірдің өзінде жиі болады. Әлбетте барлығы ата-аналардың жауапсыздығынан деп айту артық. Көбісі  өмір сүру үшін, балаларын асырау үшін жұмыс істеуге мәжбүр.Қазіргі таңда бір ғана факт белгілі: балалар жарақат алып жатыр және болмашы жағдайдың кесірінен ажал құшуда. Мәселенің күрмеуін үкімет пен балалар омбудсмен институті бірігіп шешуі тиіс. Аталған проблеманы шешуге, нақты шаралар қолдануға арналған ұсыныстарыңыз болса қуана қабылдауға әзірмін" - деп қорытындылады Балиева. 

Естеріңізге саламыз, Зағипа Балиева осыған дейін 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи