Астанада төрт баланың әкесі ұшты-күйлі жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20180603192422013_small.png

Астанада төрт баланың әкесі ұшты-күйлі жоғалып кетті,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

38 жастағы Құдірет Қалманов 30 мамырда түнгі 23:00-де жұмыстан шығып үйіне кеткен. Туыстарының айтуы бойынша ол құрылыс нысанында түнгі ауысымда жұмыс істейді. Сол түні жүкті әйелінің толғағы басталып үйіне сұранған. Алайда сол кеткеннен кейін жұмысына да, өз үйіне де оралмаған. 

Қарындасының айтуы бойынша, Құдірет Қалманов жауапкершілігі мол азамат. "Бүгін оның төртінші перзенті өмірге келді. Мұнымен қоса оның бір үлкен ұлы және екі қызы бар. Ол отбасы үшін бәріне дайын", - деді қарындасы.

Сонымен қатар, әйел адам ағасының соңғы рет Бараева және Уалиханов көшелері орналасқан ауданда болғанын атап өткен.

Таралған ақпаратқа сүйенсек, Құдірет Қалманов қара былғары күртешеде болған. Кепка, қара шалбар, қара сұр түсті футболка, қара туфли киген. 

"Белгілері: бойы 170 см, көзі жасыл сұр түсті, шашы қара, орташа дене пішімді. Осы белгілер бойынша қолында ақпарат бар азаматтарға төмендегі нөмірлеріне хабарласуын  сұранамыз: 8 705 550 84 25, 8 702 905 04 72 немесе 102",- деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының ІІД-ның баспасөз қызметі жоғалған азаматтың орналасқан жерін табу үшін арнайы іздестірілу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи