ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды

/uploads/thumbnail/20180604154347686_small.jpg

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды. Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

— Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Энергетика вице-министрі Жақсалиевтің  Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысындағы заңға қайшы әрекеттері әшкереленді. Күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймақ и К» ЖШС мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдаланған. Жақсалиев орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, жалпы сомасы 863 млн теңгені құрайтын су қоймасының түбінен 109 мың текше метр шөгінділерді алу туралы актілерге қол қойып, аталған соманы мердігерге аударған», - деді Жахин.

Связанные Статьи