Телефонын таксиде түсіріп алған қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20171025154015840_small.jpg

Қарағандыда полицияға жалған ақпарат беріп, біреуге жала жапқаны үшін 22 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облыстық ІІД таратқан мәліметке сәйкес, қыз мас күйінде таксиде телефонын түсіріп алған. Қыз құқыққорғау органдары жоғалған телефонды іздемейді деп шешіп, «такси жүргізушісі оған күш көрсетіп телефонды тартып алды» деп полицияға шағымданған.

Қарағанды облыстық ІІД тексеру барысында қыздың жалған ақпарат бергенін анықтаған. Қыздың үстінен «Жала жабу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәсі дәлелденсе ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Связанные Статьи