Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн 40 градусқа дейін ыстық болады

/uploads/thumbnail/20180605131808991_small.jpg

5 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық болады. Тек солтүстік, оңтүстік-шығыста атмосфераның фронтальды бөлігінің өтуіне байланысты күн құбылады, кей жерлерде қысқа жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

— Солтүстік Қазақстан облысында жел секундына 23-28 метрге дейін соғады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы да ғажап емес, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында түнде найзағай ойнайды, Қостанай облысында тұман күтіледі, Алматы облысында да найзағай ойнауы мүмкін, – делінген хабарламада. 

Қарағанды облысында күндіз қатты ыстық болады. 

Маңғыстау облысында өрт тұтану қаупі бар. 

Связанные Статьи