ШҚО әкімі Өскеменде сынақтан өтіп жатқан электробустар туралы пікірін айтты

/uploads/thumbnail/20180605173607972_small.jpg

Биыл ШҚО әкімдігі 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр, әзірге ол автобустарға кім иелік ететіні және халық игілігіне жарату үшін кімге тапсырылатыны белгісіз.

Облыс әкімінің айтуынша, Өскемендегі ең үлкен мәселелердің бірі – қоғамдық көліктердегі  жол ақының қымбаттығы.Осы бағаға сәйкес жолаушы тасмалдаушы мекемелер өз техникаларын жаңартпаған.

-Өскемендегі қоғамдық көліктердің жолақысы еліміздегі ең қымбат тариф. Бұл Астана, Алматы қалаларымен бірдей. Ал біздің кейбір автобус парктерінің иелері жолақыны тағы да көтергісі келеді. Олардың техникалары ескі, көшедегі қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін де сақтамайды сол себептен олардың бағаны көтеруге ешқандай моральдық құқықтары жоқ,-деді Даниал Ахметов.

Биыл осы мәселе толығымен шешіледі деп жоспарланған. Еуропалық банктің көмегімен Өскемен және Семей қалаларына 200-ден астам автобус әкелінбек. Күзде бұл мәселе толығымен шешіледі.

Олар бәсекеге қабілетті бағамен жұмыс істейтін болады, біз муниципальдық автобус паркін құрамыз немесе жаңа техниканы қала тұрғындарының игілігіне жұмыс істей алатын кәсіпкерлерге тапсырамыз,-деді ШҚО әкімі.

Сонымен бірге автобустың ыңғайлы түрі де қаралу үстінде, яғни кәдімгі жанармаймен жүретін автобустар ма, әлде  Өскеменде сынақтан өтіп жатқан электробустар ма?

-Маған электробустар ұнады. Шығыны бірнеше есеге аз, тек сатып алу құны қымбат, бірақ ол өзін-өзі ақтайды,-деді әкім.

Аймақ басшысы, сонымен қатар алдағы уақытта электронды билет мәселесі де қаралып, өз шешімін табатынын айтты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи